27.08.2021, 10:59
Оқылды: 48

Сертификатқа қаржы бөлінді

Орал қаласында 27 тамыздан бастап азаматтарға тұрғын үй сертификаттары беріле бастайды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және аутомобиль жолдары бөліміне қарасты тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев мәлім етті. Оның айтуынша, құны 1 млн теңгеге дейін болатын тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша банктен өтініші қанағаттандырылған азаматтар ие болады. 

IMG_7958

– «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар» санатындағы және мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін қажетті мамандар тұрғын үй сертификатын алушы санатқа жатады. Биыл Орал қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына 150 млн теңге бөлінді. Тұрғындардан екінші деңгейлі банктен төлем қабілеттілігін анықтайтын құжаттың болуы міндетті түрде талап етіледі. Бүгінгі таңда қалада әр түрлі санат бойынша 21 140 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Солардың 6 мыңға жуығы «Көп балалы отбасылар», «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар санатына енеді, – деді ол өз сөзінде.

Аталған сектор меңгерушісі тұрғын үй сертификаты «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа және Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешімі негізінде берілетінін мәлімдеді.

– Тұрғын үй сертификаты дегеніміз, бастапқы жарнаның мөлшерін жабу. Ол жоғарыда айтылған санаттарға өтемсіз, қайтарымсыз беріледі. Тұрғын үй сертификатын беру 2020 жылы басталған болатын. Биыл тағы жалғасып отыр. Уақыт мерзіміне ешқандай шектеу қойылмай, қаржы біткеннен кейін құжат қабылдана береді. Осыған сәйкес сертификат беру бойынша жұмыс істейтін боламыз, – дейді Е.Шайхиев.

 

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале