27.08.2021, 11:49
Оқылды: 32

Шаршы тақта тартысы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және  Конституция мерекесіне орай  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметі шахмат турнирін ұйымдастырды.

Шахмат

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жарыс өткізудеге басты мақсат -пробация қызметінде есепте тұрған жандарды қоғамға бейімдеу екен. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған шаршы тақта жарысына аудан волонтерлары да белсенді ат салысты.

-Турнирге пробация қызметінде есепте тұрған 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта жастар тәрбиесіне үлес қосатын, мәдени шаралар мен спорттық турнирлер мен қоғамдық іс-шаралар жалғасын таппақ, - дейді лейтенант Айнат Жамиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале