27.08.2021, 17:18
Оқылды: 29

Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бәйтеректе Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

IMG-20210827-WA0121

Айтулы мерекеге арналған жиынға аудан орталығындағы мекемелер мен бөлім қызметкерлері, жастар және аудан әкімшілігінің мамандары қатысты.

- Конституцияның қабылдануын бірауыздан қолдаған Қазақ елі жарқын келешектің негізін қалады. Сондықтан Конституцияға құрметпен қарау, оның талаптарын орындау – әр азаматтың парызы. Ел дамуының темірқазығы саналатын іргелі құжат өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Жарқын істердің қайнар бастауы болды. Алдағы уақытта да жаңа дәуірдегі Қазақстанның қуатты мемлекетке айналуына кепіл болатынына сенім мол. Баршаңызды осы бір мерекемен шын жүректен құттықтаймын, - деді жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев.

IMG-20210827-WA0109

Одан соң Тілекбай Қажымұратұлы бірқатар азаматтарға аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғыс хатын табыс етті.

Мерекелік марапатқа ие болғандар арасында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, ұстаздар мен белсенді жастар және волонтерлар болды.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале