27.08.2021, 17:41
Оқылды: 17

Жалынды жастармен кездесу өтті

Таяуда Жаңақала ауданы Бірлік ауылының жастарына арналған «Жастарға кеңес» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалынды жастармен кездесу

Аталмыш іс-шараға кәсіп ашуға ниетті жастар қатысты. Жиын барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Қобыланды Сапиуллин, кеңесші маман Еламан Тілегенов, «Атамекен»  ҰКП кеңесшісі Медет Мақсотұлы қатысып, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті. Одан әрі жастар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен тоқталып жауап берді.

Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Қуанышұлы келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жастарды мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды. Сондай-ақ жастарға қолдау болатынын да тілге тиек етті. Шара соңы еркін пікір алаңына ойысты.

 

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале