28.08.2021, 12:08
Оқылды: 58

Бөрлі ауданыда «JRO барысы» облыстық турнирі өткізілді

«Бөрлі» спорт кешенінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталықтары арасындағы қазақ күресінен «JRO барысы» облыстық турнирі өткізілді.

 240694672_5985283674877505_1026137272348588908_n

Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Әділгерей Зұлхар, Бөрлі ауданының ақсақалы Макс қатысып сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.

Ұлттық спортты насхаттап, жастар арасындағы ынтымақтастықты арттыруды, салауатты өмір салтын қатыптастыруды мақсат еткен шараға 70 келіге дейінгі 8 өгіз палуан және 70 келіден жоғары 8 түйе палуан қатысты.

Шапшаңдық пен шымырлықты, мығымдық пен мықтылықты қажет ететін  боз кілемге Орал қаласының және Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Жаңақала, Теректі, Бөрлі аудандарының жігіттері шықты.

70 келіге дейінгі салмақта Жалғас Неғметов, Ержан Уахитов, Нұргелді Камаледенов, Ансар Ибраев, Адилбек Айдынұлы, Аман Байғалиев, Төрехан Мықтыбаев, Равиль Муханбеткалиевтер  жүлдеден үмітті болды. Түйе палуандардың тартысына Мейрамбек Молдыбаев, Мирас Иманғалиев, Нұрсұлтан Сарсенбаев, БағдатАнгереев, Шыңғыс Сахметов, Темірлан Батырбаев,  Дулат Жусипкалиев, Дулат Татешов есімді спортшылар сынға түсті.

240815011_5985284074877465_6083281212386888693_n

- Бұл ауданда алғашқы рет ұйымдастырылып отырған шара. Қатысушылардың белсенділігі көңіл қуантады. Ресурстық орталықтың мамандары үнемі жастар үшін түрлі шаралар жасап шапқылып жүреді. Сондықтан орталық мамандары да сынға түсіп, өздерін жаңа қырынан көрсетсін деген ойдан туындаған жоба. Алдағы уақытта әріптестер жобаны қолдап, одан әрі алып кетеді деген ойдамыз, - дейді Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Руслан Азаматов.

Жігіттің ептілігі байқалатын бәсекенің қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі өгіз палуандар арасынан барлық қарсыласын алып та, шалып та жыққан «Байбақты» лақап атымен шыққан оралдық Аңсар Ибраев І орынды еншіледі. Бөрлілік Төрехан Мықтыбаев ІІ орын алса, Теректінің көкжалы Равиль Мухамбеткалиев ІІІ орынға қол жеткізді.

Түйе палуандар тартысында Бәйтерек ауданның палуаны Темірлан Батырбаев І орынды жеңіп алды. Оралдың оғыланы Дулат Жүсіпқалиев екінші орынға жайғасса, үздік үштіктің қатарынан Нұрсұлтан Сарсенбаев табылды.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале