31.08.2021, 9:30
Оқылды: 36

Қамқорлық қарқынды

«Мектепке жол» акциясы аясында жыл басынан бері қала бойынша  400-ге жуық оқушыға көмек көрсетілді. Жалпы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында белгіленген санаттарға жататын балаларға арналған акция 2019 жылдан бері тұрақты өтетін форматқа ауыстырылғаны көпке мәлім. Ал былтырдан бері «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы қалыптасты. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты осында да аудара алады. Әрі бұл платформа жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге өз септігін тигізіп отыр.

 МЕКТЕПКЕ ЖОЛЛ

– 20 тамызға дейін көмекті қажет ететін отбасы балалары үшін демеушілеріміз арқылы 4 508 430 теңгедей қаржы жиналды. Олардың арасында азық-түлік, кеңсе тауарларын, киім-кешек, оқу құралдары мен компьютер алып берушілер де бар. Біздің әрқайсысымыз әлеуметтік осал топтарға жанашырлық танытып, қайырымдылық істе белсенділігімізді арттыра түссек, мұның бәрі де балғындарымыздың қуанышы үшін ғой. Мынау өмірде солардың алаңсыз тірлік кешуіне қолұшын берудің өзі бір ғанибет емес пе? – дейді Орал қалалық білім беру бөлімінің бас маманы  Салтанат Мұратова бізбен әңгімесінде.

Бақытжан Ордабаев,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале