Тура күні ертең жаңа оқу жылы басталады. Осыған орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасынан Казталов аудандық ауруханасының ұжымы да сырт қалмай, 22 ұл-қызға мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешек тарту етті.
– Біздің әріптестеріміз Казталов мектеп-лицейінің 3 оқушысы мен балалары бірінші сыныпқа баратын 19 жанұяға көмек қолын созды. Негізінен мектеп формасы мен оқу құралдары үлестірілді. «Бар жақсылық – балаларға» қағидасы ешқашан да күн тәртібінен түспегені абзал ғой, – дейді аталмыш медициналық мекемеге қарасты кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғазиза Мусина.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz