8.09.2021, 9:34
Оқылды: 45

БҰҰ Бас хатшысы әлем елдерін Ауғанстанға 606 млн доллар көлемінде көмек беруге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстан бойынша Женевада өткен кездесуде әлем елдерін алдағы төрт айда ислам республикасына көмекке 606 млн АҚШ долларын бөлуге шақырады.

4
Бұл туралы Кабулға сапарының қорытындысы бойынша сейсенбі күні өткен брифингіде БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бас хатшы дүйсенбі күні, 13 қыркүйекте, Женевада әлем елдерін төрт айлық кезеңге 606 млн АҚШ долларын бөлуге шақырып, сөз сөйлейді», - деді Гриффитс.

Оның айтуынша, бұл қаражат «Ауғанстанның қазіргі гуманитарлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға», «азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық қызметтерді», сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалады.

13 қыркүйекте БҰҰ Бас хатшысы Женевада Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі министрлік кездесуін шақырады. Ол елдегі гуманитарлық операцияны қаржыландыруды ұлғайтуға, сондай-ақ гуманитарлық қолжетімділіктің «толық және кедергісіз» болуын қамтамасыз етуге бағытталады.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале