Отбасы күні – Елбасының Жарлығымен бекітілген еліміздегі мерейлі мерекенің бірі. Оны атап өту бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Мұндағы мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту. Ата Заңымызда да мемлекеттің басты қазынасы - адам мен оның өмірі деп атап көрсетілсе, ал Отанның өзі отбасынан басталады
Жалпы, отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы.алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет те. Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа Жолдауында әр қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсартуға, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар міндеттеледі.
Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүргенпатриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруы. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтаселдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.
Осы Отан қорғау жолында қызметте жүрген әрбір әскери қызметшінің нағыз патриот, адал, батыл болуының түпкі баспалдағы отбасынан екенін айқын.
Қазіргі таңда Ұлттық ұланның «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан Ұлттық ұлан, елі мен халқына қорған» деген ұранмен бір жанұядай татулық пен бірлікті алға қойып қызмет атқаруы да тегін емес.
Алғашқыда бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Олай болуы заңдылық. Себебі отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Мінеки, сондай қарапайым ғана адам жанын жадыратар құндылықтарды басты байлық, - деп білетін отбасылардың біріҚазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының №5546 әскери бөліміндегіАбжановтардың әскери отбасы.
Отбасының тірегі-офицерлік алғашқы қадамын мұнайлы өлкеден бастап, бүгінде тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінде аға көмекші лауазымында қызметті абыроймен атқарып жүрген майор Абжанов Аян Қиятұлы.
Отанасы, отбасының жылуы мен шуағы әскери бөлім саптық бөлімінің жауапты орындаушысы кіші сержант Шолахова Ақыл Едігеқызы.
Майор Абжанов Аян Қиятұлы Петропавл қаласында туылған. 2007 жылы 11-сыныпты аяқтап, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның жоғарғы әскери училищесіне оқуға түседі де, 2011 жылы аяқтайды.
- Біз Отан алдындағы міндетімізді мінсіз орындауымыз керек. Сол үшін өміріңді қию керек болса, одан да бас тартпауға тиістіміз. Өйткені, біздің мінсіз қызметіміз ел үшін, мемлекет үшін өте маңызды. Мен Отанның қандай бұйрығы болса орындауға әзірмін. Күні бүгінге дейін мен басшыларымның бұйрығын қалт жібермей орындап келемін. Алдағы уақытта да солай боларына кімді де болса сендіре аламын, - дейді Аян Қиятұлы.
Кіші сержант Шолахова Ақыл болса, отбасының тұңғыш қызы, өзінен кейін артынан ерген үш інісі бар, қарапайым отбасында дүниеге келген. 11-сыныпты аяқтаған соң, колледжде орта арнайы «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша білім алып шығады. 2006 жылы алғашқы еңбек жолын 5546 әскери бөлімінде техникалық бөлімнің іс-жүргізушісі болып бастаған.
- Жұбайымыз екеуміз де әскери адам болғандықтан, үйде де темірдей тәртіп болғанын қалаймыз.Әрине,біздің отбасымызда үйдің бас қожайыны жолдасым. Мен ешқашан ерлердің үй шаруасымен байланысты жұмыс мәселелерді бастан өткерген емеспін.Аян кез-келген істі батыл қабылдайды және оны соңына дейін жеткізеді, - деп еске алады Ақыл Едігеқызы.
Тағдыр екеуін осы Отан қорғау жолындағы қастерлі қызметте 5546 әскери бөлімінде тоғыстырды. Мінеки, содан бері екеуі бірге қиындығы мен қуанышы қатар жүретін өмірдің қатал сынынан сүрінбей өтіп, Отанның да, отбасының да тізгінін қатар ұстап келе жатыр.
Абжановтар отбасының ерекшелігі әскери бөлім ортасында айқын сезіліп тұрады. Себебі олар барлық отбасылық мерекелік шараларға белсене қатысады. Соның бір айғағы ретінде, 2018 жылы әскери бөлімде мерекелік шарада «Жарасымды отбасы» номинациясын жеңіп алды.
Мерейі мен мәртебесі биік кішкентай ғана осы бір жанұяда екі ұл Арман мен Дамир, бір қыз Айлуна өсіп жатыр. Арман бүгінде 11 сынып оқушысы жанұяның тұңғышы, өзінен кейінгі қарындасы мен інісіне қамқор аға, әкесі мен анасына қолқанат нағыз көмекші. Үйдің кенжесі Айлуна өнерге жақын. Би үйірмесіне қатысады. Ал Дамир болса сабақтан бөлексурет салумен айналысқанды жақсы көреді. Әскери бөлімде балалар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Менің әкем – Отан қорғаушы» тақырыбында балалар арасындағы суреттер конкурсында бірінші орын иеленген болатын.
Мерейлі отбасында қашанда татулық пен бірліктің, қуаныш пен мерекенің ұйытқысы бола білген майорАян Абжанов бос уақытында ұлдары Арман, Дамирмен компьютерлік қызықты ойындар ойнап, түрлі тақырыптарды талқылайды, сонымен қатар ерке қызы Айлунаның өнерін тамашалаудан жалыққан емес.
Отбасының ұйытқысы жылуы үш баланың анасы кіші сержант Ақыл Шолахова күнделікті күйбең тіршіліктің сәуегей сәулесін сейілтіп, балаларына ерекше көңіл бөледі.
- Мен баланың мейлінше мейірім мен махаббатқа бөленіп өскенін қалаймын, бала жаны нәзік, бүгіннен бастап жақсылыққа, адалдыққа үйретсең өскенде өмірден өз орнын тауып тұлға боп қалыптасуға ықпал етеді. Мен қызметтен шаршап келсем де үйге кірер есіктің сыртына барлық жағымсыз эмоцияларды қалдырып, мейірімді, көңілді ананың кейпімен кіріп келемін. Себебі балаларым менен тек қана жылулық күтетіні сөзсіз. Біз отбасындағы барлық жұмысты бірге жасаймыз. Туған күндерімізді, кез-келген мерекені, бірге қыдыруды, бірге табиғатқа шығуды, қарапайым үйдің жұмыстарын атқаруға бәріміз ат салысамыз. Ол бір жағынан өте қызық және сол арқылы мен балаларыма жанұядағы бірлік, бір-бірімізге деген жанашырлық, сүйіспеншілікті ұғындыра аламын, - дейді кіші сержант А.Шолахова
Жанұяның кенже еркесі Айлуна: «Мен өзімнің отбасымды өте жақсы көремін, әкем анамның демалысын асыға күтемін, себебі біз әкем мен анамның демалысында барлығымыз көңілді уақыт өткіземіз. Анам тәттілер пісіреді, маған үйретеді, бірге жасаймыз, оны бейнежазбаға түсіреміз, кешкілік серуенге шығамыз, мен өнерімді көрсетіп қуантамын», - дейді.
«Отанды сүю – отбасынан басталады» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өз кезегінде біз де осындай берекесі мен мерекесі жарасқан бақытты отбасының ғұмыры ұзағынан болғай деп тілейміз.
Егемен еліміздің бір бөлшегі осындай мерейлі отбасылар тұрғанда болашағымызды берік ұстар батыл жастар өсіп шығатынына кәміл сенеміз.
Малика Шынжигитова,
лейтенант