12.09.2021, 12:45
Оқылды: 23

Ақсуаттықтар алда болды

Теректі ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Халықаралық туризм күніне орай туристік фестивалі өтті. Шараның ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 ТУРИЗМ4

Спорттық жарысқа барлығы 8 команда қатысуға ниет білдірді. Атап айтсақ, аудан әкімдігі құрамасы, Федоров №1 ЖОББМ, Федоров қазақ мектебі, аудандық мәдени-демалыс орталығы, Ақсуат ауылдық округі, Ақжайық ауылдық округі, Приречный ауылдық округі және Новопавлов ауылдық округі командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

ТУРИЗМ3

Аталмыш спорттық бәсекені ұйымдастырушылар қатарында Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен аудандық мәдени-демалыс орталығы бар. Командалар өздерін таныстыру, жаяу туризм техникасы, туристік тұрмыс және дағды, «Табиғатқа сүйіспеншілікпен...» атты қолөнер сайысы, балық аулау, шағын футбол, волейбол секілді спорттық сындардан өтті.

ТУРИМЗ1

Нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша Ақсуат ауылдық округінің құрамасы І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын Ақжайық ауылдық округі командасына бұйырса, үздік үштікті Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының құрамасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

 

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале