13.09.2021, 15:55
Оқылды: 30

Жоба жеңімпаздары марапатталды

Қыркүйектің 12-сі күні «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қала күніне арналған «Stand Up» шоу-концерті өтті. Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шоу-концерт өңір жастарының сұранысы бойынша ұйымдастырылды.

 7139cd69-859f-4d6b-964f-da0300247c5e

Шара барысында төрткүл әлемге танымал «Stand Up» жанрының облысымызда қарқынды дамып келе жатқанын байқадық. Жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырылған концертте өнерпаздар қаламыздың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы және қала тұрғындарының ерекшелігі жайлы жазылған үздік әзіл-қалжыңдарын ортаға салды.

a305f65e-ff61-49d8-988c-4f4704e7d9ef

БҚО Қазақ күресі ассоциациясы президенті Әсет Сұлтанұлы, «Назар аудар» театрының актеры Самат Қабдиев,«Рудный» жайдарман құрамасының капитаны Қалу Берек жастардың аяқалысын жоғары бағалап, қоғам шындығын әзіл арқылы шынайы жеткізудің жолдарын айтты. Темірлан Утеғалиев жоба жеңімпазы болса, Нұркен Қарипулов екінші орынды місе тұтты. Ал келесі жүлде Қасиет Кәрімге бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале