13.09.2021, 16:53
Оқылды: 65

Бәйтеректік әзілкеш жүлделі орынға ие болды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қала күні мерекесіне орай «ЖасДем» қоғамдық бірлестігі «Стендап» шоу концертін ұйымдастырды.

 IMG-20210913-WA0087 (1)

Соңғы жылдары үлкен танымалдылыққа ие бола бастаған стендап жанры елімізде де қарқынды дами түсті. Тіпті Нұрлан Сабуров, Сәуле Юсупова сынды қаны қазақ әзілқойлар көрші Ресей елінің аудиториясын баурап алды. Өңірімізде де стендап шеберлерінің деңгейі жыл санап өсіп келеді. Сол себепті қабілетті жастардың шеберлігін шыңдап, өнерін ұштай түсіру мақсатында аталмыш әзіл концерті өтті.

Қызықты кеш барысында қатысушылар Қала күні мерекесіне арналған жеке туындыларын тарту етті.

БҚО қазақ күресі федерациясының президенті Әсет Сұлтанұлы, «Назар аудар» театрының актеры Самат Қабдиев, «Рудный» жайдарман командасының капитаны Қалу Берек сынды қазылар алқасы төрелік еткен стендап кешінде өнер көреткен бәйтеректік Нүркен Карипулов екінші орын иеленді.

- Өзім үшін таңсық жанр саналатын өнерде бақ сынау оңай бомады. Десе де дайындаған әзілдерім өтті. Қазылар алқасының шешімімен екінші орын иегері атандым. Болашақта өнерімді шыңдай түсіп, елге танымал стендап шебері болғым келеді, - дейді Нүркен Карипулов.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале