15.09.2021, 14:11
Оқылды: 68

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тәуелсіздік сабағын өткізді

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін ұғындыру арқылы оқушыларды елді көркейту ісіне шабыттандыру, оның даму аспектілерін талдау мақсатында «Тәуелсіздік сабағы» өтті.

02

Қазақстанның бейбітшілік бастамаларына арналған сабаққа облыстың жетекші мектептерінен 3000-нан астам, Назарбаев Зияткерлік мектебінен 100-ден астам оқушы онлайн қосылды.

Шараға БҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева қатысты.

2

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіләлемдік қоғамдастық алдында ұлттық келісім және қоғамды біріктірудің үлгісін көрсете білді. Сабақ тақырыбы да съез жұмысының мәдениеттер мен өркениеттер арасын жалғап, оларды ымыраға келтірудегі өзектілігіне арналды.

Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырмалар мен интерактивті ойындар арқылы ұғымдарға интерпретация жасап, өркениетаралық диалогқа қатысты пікірлерін білдірді.

Съез идеясына қатысты саясаткерлер көзқарасын сараптады, қатысушылар географиясын анықтады. Оқушылар өз ойларында радикализмге қарсы тұрақты иммунитеттің негізі ретінде білімді ерекше атап өтті.

Тәуелсіздіктің құрдасы – мектеп мұғалімі Ұлжанай Сағаденова Тәуелсіздіктің өміріне әкелген оң өзгерістерді тілге тиек етті.

3

– Еліміздің 30 жылда жүріп өткен жолын әрқашан санамызда жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттің жаһандық дамуына қосқан үлесі туралы көп айтуға болады. Әсіресе, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік бастамалары халықаралық арена сарапшылары мен жұртшылығының назарында, - деді Медхат Мұсаұлы.

Сабақ мазмұны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» авторлық бағдарламасына негізделген.

Безымянный

– Пәннің мазмұны елдің өткені мен қазіргі тарихының маңызды аспектілерін қозғайды, сонымен қатар ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік қатынастарға, қазіргі Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қатысты бөлімдерді қамтиды. Бүгінгі сабаққа онлайн қатысқан әріптестеріміз тәжірибе алды деген ойдамын, - деді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

Тәуелсіздік сабағы осы аптада серіктес мектеп – Қазан қаласындағы мектеп-лицей оқушыларына да ұйымдастырылмақ.

 

Айдана Хамидуллина,

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале