15.09.2021, 17:59
Оқылды: 61

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы»

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде Қазақстан халқы тілдері күні орай тағылымды шара өтті.

 IMG-20210904-WA0021

Осыдан төрт жыл бұрын 2017 жылы 11 қазанда №689 «Қазақстан Республикасында мереке күнтізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының тілдер күні 5 қыркүйекте тойланатын болып ресми түрде бекітілген болатын. Бұл мерекенің қыркүйектің 5 жұлдызында бекітілуінің де өзіндік сыры бар.

Өйткені бұл күн – ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да басты себептердің бірі тіл екендігін айтып, қазақ халқының азат тағдырымен тіл үшін күрескен Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін тіл мерекесімен ұштастыру өскелең жас ұрпаққа өнеге болары анық. Кез-келген халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қасиетті құрал – тіл.

Осындай атаулы мереке аясында сарбаздардың мерекелік демалыс күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

IMG_20210904_113308_931 (1)

Іс-шараны өткізу барысында әскери бөлімнің ТжҚЖ бөлімшесі бастығының мемлекеттік тіл жөніндегі аға көмекшісі, майор Алмагүл Жумабекова мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы тілдері күніне орай Орал қаласында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты жалпы халықтық тіл фестивалі аясында мемлекеттік тілдің дамуына үлесін қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.

Солардың  арасында біздің әріптесіміз 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тіл жөніндегі аға көмекшісі, майор Алмагүл Ақылбекқызы бар. Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамотасына ие болды.

IMG_20210914_181216

Сонымен қатар әскери бөліміміздің офицері, майор Александр Ершов «Мен қазақша сөйлеймін» атты республика көлемінде өткізілген байқауға қатысты.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген бұл шараға еліміздің 15 өңірінен 66 құқық қорғау қызметкерлері қатысты.

Сайысқа қатысушылар белгілі қазақ ақындарының туған ел, туған жер, ана тілі тақырыбында өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды.

Сайыс соңында әділ қазылар алқалары оқылған жыр-өлеңдердің мәнерлеп оқылу тәртібін мұқият зерделеп, өздерінің шешімдерін шығарды.

Біздің әскери бөлім атынан қатысқан Александр Ершов ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Бұл да болса біз үшін, біздің әскери бөлім үшін зор қуаныш, үлкен жетістік.

 

Ертуған Әубакир,

капитан

Орал қаласы

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале