Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады, деп жазды Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ол Президенттің баспасөз қызметі Душанбе қаласында өтетін іс-шараларды тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастыратынын айтты.
Тікелей эфир “Хабар 24” телеарнасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:30-да беріледі, деп жазды Берік Уәли.