Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Рубежин ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы Александр Тимофеевич Старцевті мерейлі 95 жасымен құттықтап, құрмет білдірді.
Майданнан оралған соң ауданның білім саласында қызмет жасап, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер бүгінде немере-шөберелерінің қызығын көріп отырған ардақты ақсақал.
Әлі күнге қоғамдық шарадан қол үзбеген майдангер елдің амандығын тілеп, ризашылығын білдірді.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы