20.09.2021, 9:14
Оқылды: 83

Ауылды таза ұстау – әр тұрғынға парыз

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағын орындау мақсатында Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылының мектеп және ауылдық әкімшілік қызметкерлері әлемде өткізіліп жатқан «Дүниежүзілік жиілік күні» акциясына белсенді қатысты.

ешниязова

Шара басында округ әкімі Ринат Ескендіров пен мектеп директорының міндетін атқарушы Куаныш Жүсіпұлы акцияның өткізілу барысымен таныстырды. Сенбілікке келген ағайын ауыл тазалығына немқұрайлы қарамайтынын көрсетті. Елді қоқыстан тазартып, түрлі саладағы қызметкерлердің басын бір арнаға тоғыстырған акция ел бірлігін көрсетті.

Ауыл ішін мұнтаздай таза еткен акция қатысушылары қыркүйек-қазан айларында әр аптаның жұма күні  жаппай сенбілікке қатысуға уағдаласты.

Мерует Ешниязова,

Егіндібұлақ ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале