20.09.2021, 9:37
Оқылды: 69

Облыс әкімінің кубогы қорытындыланды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қала күніне орай Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 17-19 қыркүйек күндері «Ақжайық» стадионында футболдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогы өтті.

 4b1c2f62-2b82-4f92-9923-8002f3deced9

Жарысқа 2007-2008 және 2009-2010 жылдары дүниеге келген жасөспірімдерден құралған жалпы саны 19 команда қатысты. Бірінші топта тоғыз команда, екінші топта 10 команда тартысты ойын өрнегін көрсетті.  Доп додасында «Тобыл» (Қостанай), «Реал спорт» (Атырау), «Сұңқар» (Ақтөбе), «Ақжайық» (Орал), «Болашақ» (Орал ), «Юниор» (Орал), Бөкей ордасы, Жалпақтал, Теректі, Сырым, Ақжайық, Бөрлі командалары бақ сынады.

8b91f734-8011-4b37-bbee-e3159762c29d

Жарыс нәтижесі бойынша 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдерден құралған командалар арасында 2007 жылы туған спортшылардан құралған «Ақжайық» (Орал) командасы суырылып алға шықты. 2 орын «Реал спорт» (Атырау) командасына бұйырса, 3 орынға 2008 жылы туған спортшылардан құралған «Ақжайық» (Орал) командасы табан тіреді.

b79f4ef7-ae9e-4211-b45a-88e1a1198ec0

2009-2010 жылдары туған жасөспірімдерден құралған командалар арасында 1 орынға «Реал спорт» (Атырау) командасы қол жеткізсе, 2 орынды   «Тобыл» (Қостанай) командасы иеленді. 2010 жылы туған спортшылардан құралған «Ақжайық» (Орал) командасы 3 орынды місе тұтты.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев спортшыларды марапаттап, болашақтарына сәттілік тіледі.

 ad0a73c9-fa92-4d1b-9de0-b25edca7da7f

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале