18.02.2016, 13:19
Оқылды: 16

Жәнібекте мемлекеттік қызметтегі жаңа өзгерістер туралы сөз болды

????????????????????????????????????

 Жәнібек ауданы әкімдігінде құқықтық оқу оздырылып, оған аудандық мемлекеттік мекемелер басшылары мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округ әкімдері және ауыл әкімі аппаратының мамандары қатысты. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды.


Бас қосу барысында аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінің басшысы Руслан Есенов жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, аталмыш бөлімнің жетекші маманы Арман Түйебаев іс қағаздарын рәсімдеу,  аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Ғибрат Айтқалиев аудан әкімінің ресми сайты және аудан әкімі аппаратының персональды басқару қызметінің басшысы Айсұлу Абдолова мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа өзгерістер туралы жиналғандарға анық-қанығына дейін жіктеп түсіндіріп берді. Құқықтық оқуға қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға айқын жауаптар берілді. Мемлекеттік қызметшілер бас қосқан жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

                                                                                                           Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале