Қыркүйектің 13-18-і күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қала күніне байланысты жасөспірімдер мен ересектер арасында волейболдан «Достық-Дружба» ашық қалааралық турнирі өтті.
Спортшылар Нұр-Сұлтан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларының атынан қатысты. Кіші топтан бірінші орынды Орал қаласының 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер командасы иеленді. Екінші тұғырдан Нұр-Сұлтан қаласының командасы көрінді. Келесі жүлдені 2007-2008 жылғы оралдық өрендер еншіледі. Ересектер арасында «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Атырау» (Атырау), «Жайық» (Орал) волейбол клубтары сынға түсті. Олардың ішінен «Атырау» командасының мерейі үстем болды. Турнир қорытындысында спортшыларға медальдар табысталып, дипломдар мен сый-сияпат берілді.
Н.Ғаппар,
zhaikpress.kz