21.09.2021, 19:36
Оқылды: 43

Қазақстанда кірістер туралы декларацияны жасау ережелері бекітілді

ҚР Қаржы министрі тиісті бұйрықпен жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның формаларын және оны жасау ережелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6AEF817E-CBD7-440B-BFCA-3788001B5260

Қаржы министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларация 2021 жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл сайын ұсынылады. Яғни:

жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале