Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Сәлімжан Нақпаев ауылдарда медициналық мамандардың жетіспеушілігі мәселесіне қатысты Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы кезде министрлік, облыс әкімдіктері тарапынан ауылдық елді мекендерге медицина мамандарын тартуға бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мамандарды ауылдарға жұмысқа жіберетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жұмыс жасауда. Жергілікті әкімдіктерден көтерме жәрдемақы берілуде. Соған қарамастан, облыстарда, соның ішінде шалғай аудандарда кейбір дәрігер мамандар әлі де жетіспейді.
Мысалы, кез-келген медициналық оталарда өте қажетті анестезиолог-реаниматолог, сол сияқты инфекционист, травматолог, пульманолог, эндокринолог сияқты мамандар көптеген аудандарда жетіспейді.
COVID-19 сияқты ауыр науқастан жазылған адамдарға реабилитолог қажет. Ол мүлдем жоқтың қасы. Оларды айтпағанда, акушер-гинеколог, хирург, фтизиатор сияқты мамандар да шалғай аудандарда жетпей жатыр», - деді С.Нақпаев.
Оның айтуынша, алыс аудандарда осындай кадр жетіспеуіне байланысты өздеріне келіп түскен науқастарды санитарлық-авиация шақыртып, облыс орталықтарына жіберуді жиілеткен. Бұның бәріне бюджеттен қаражат керек. Бұл Қазақстан Республикасының барлық облыстарына тән проблема.
«Жағдайдың бұлайша ушығуына грант бойынша оқыған медициналық жоғары оқу орындарының кейбір түлектерінің міндетті бөлу әдісіне бағынбай, өздері бөлінген болашақ жұмыс орындарына бармай қалулары да себептерін тигізуде. Сонымен қатар, медициналық жоғары оқу орындары үшін бөлінетін грант саны түсініксіз себептермен 2020 жылы азайып кеткен», - деді депутат. Осы айтылғандар аясында келесі проблемаларды шешу сұралды:
inform.kz