23.09.2021, 9:28
Оқылды: 38

ДДҰ басшысы: Ауғанстанның денсаулық сақтау жүйесі толық күйреу алдында тұр

Кабулда жұмыс сапарымен жүрген ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус халықаралық қауымдастыққа Ауғанстанның бүкіл ұлттық денсаулық сақтау жүйесі толығымен күйреуі мүмкін екенін ескертті. Бұл сценарийді болдырмау үшін БҰҰ Шұғыл көмек қорынан 45 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

210923092714126e

Кабулда сөйлеген сөзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос Адханом Гебрейесус бүгінде ауған дәрігерлеріне «кімді аман алып қалатынын және кімді құтқармайтынын» таңдауға тура келеді. Өйткені олардың барлық мұқтаж адамға көмектесуге мүмкіндіктері жоқ екенін айтты.

Ол «Талибан» қозғалысының өкілдерімен – Ауғанстанның жаңа билігімен, сондай-ақ медициналық қызметкерлермен және пациенттермен кездескеннен кейін осындай қорытындыға келді. Қаржылық қолдаусыз мыңдаған медициналық мекеме қажетті керек-жарақтарды сатып ала алмайды, ал дәрігерлерге жалақы төленбейді. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде айтарлықтай проблемалар туындаған, атап айтсақ, жеткізу тізбегі бұзылған. Коронавирустың таралуы аясында ковид науқастарына қызмет көрсететін 37 аурухананың тоғызы жабылған. Қысқартулар ауру жұқтырғандарды анықтау мен науқастармен байланыста болғандарды іздеуден бастап вакцинацияға дейінгі пандемиямен күресудің барлық жағдайына әсер етті. ДДСҰ басшысы Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың құқықтары мәселесіне назар аударды.

«Елде медициналық мекемелердің саны азайып, әйел дәрігерлердің жұмысқа шықпайтынын ескере отырып, ауған әйелдері дәрігерлердің көмегіне жүгінбеуге тырысады», - деп ескертті ол.

Оның айтуынша, ДДСҰ серіктестермен жұмыс істеуге және қыздар мен әйелдердің денсаулық сақтау саласында білім алуына, сондай-ақ әйелдер арасынан дәрігерлерді оқытуға қаражат салуға дайын. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 15 тамызда «Талибанға» билік өткенге дейін Ауғанстанның 2,2 миллион тұрғыны COVID-19 вакцинасын алған. «Соңғы апталарда халықты вакцинациялау қарқыны күрт төмендеді. Вакцинаның 1,8 миллион дозасы пайдаланылмай қалды», – деді доктор Тедрос.

Ол жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдауға және жыл соңына дейін Ауғанстан тұрғындарының кем дегенде 20 пайызын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале