Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 22 қыркүйек күні шамамен сағат 11.15-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан мен С.Айтқұлов көшелерінің қиылысында болды. «Лада Грантаның» 43 жастағы жүргізушісі автокөлік руліне ие бола алмай, бағдаршамда тоқтап тұрған «ВАЗ-2115» автокөлігін (жүргізушісі 34 жаста) түйген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен «ВАЗ-2115» автокөлігінде отырған жолаушы түрлі жарақат алды.
inform.kz