23.09.2021, 15:48
Оқылды: 43

 Шаруалар қимылды ширатуда

Көктемнің қолайлы күндері басталысымен-ақ биыл Шыңғырлау ауданында 4299 гектарға жуық алқапқа дәнді дақылдар, 4542 гектар майлы дақылдар себілген-тұғын. Жаздың аптап ыстығы шаруа адамын уайымға салғанында сөз жоқ. Әрегідік жауған жаңбыр пісіп, толысқалы тұрған өнімге зиянын тигізер ме екен деген күдік-күмән диқаншылардың көңілінде көпке дейін басылмағаны анық. Әйтсе де, төгілген тер босқа кетпеді.

10368537-72D9-4B00-B646-D0E398978B7B

Түрлі агротехникалық шаралардың нәтижесінде егілген дақылдар өнімін берген еді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 4299 гектар дәнді дақылдар шабылып, бастырылып, 14 ц/га орташа өнімділікпен 5 067 тонна астық жиналды. Осы орайда «Жарас» шаруа қожалығында өнімнің жоғары болғанын айта кеткен жөн, алынған күздік бидай толымы 22 ц/га құрап отыр. 

Қазіргі уақытта аудан шаруашылықтары майлы дақылдарын жинау жұмыстарын жүргізуде. Күздің қолайлы сәттерін пайдаланып қалу үшін диқаншылар одан әрмен ширақ қимылдау үстінде.  «Жаңа Жер» шаруа қожалығының еңбеккерлері енді күнбағыс дақылын жинауға кірісіп кетті. 

                                                Нұрлан Садықов,

              аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале