23.09.2021, 20:56
Оқылды: 28

Оралда “Жастарға кеңес” жобасы жалғасын тапты

Елімізде халықтың әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар қадамдар жасалып отырғаны белгілі. Соның ішінде әлеуметтік бастамалардың жастарға бағытталуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

 011

Бүгін “Жастарға кеңес” жобасы кезекті рет “Әлем плаза” сауда үйінде жалғасын тапты.

Жоба аясында өзекті тақырыпқа айналған халық санағы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірқатар қала тұрғындарын бағдарламаға тіркеу ұйымдастырылды.

022

Сонымен қатар арнайы маман жобаға келген жандарға тұрғын үй туралы мағлұмат берсе, теолог маман дін туралы тағылымды әңгіме өрбітті.

Ал жоба қатысушыларына шаһардағы бос орындар мен сұранысқа ие мамандықтар туралы халықты жұмыспен қамту орталығының маманы құлағдар етті.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале