25.09.2021, 22:59
Оқылды: 91

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті

Бүгін Бөрлі ауданы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қала күніне арналған «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті.

058E1347-AA29-40B1-B2F3-0869593FBFE7

Мәдени шараға қатысқан қолөнер шеберлері өз бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Көрменің басты мақсаты – қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды  қолөнершілерді анықтау. Қолөнер бұйымдарын көріп, тамашалаушылар қатары да аз болмады. Қолөнер көрмесінде зергерлік бұйымдар, былғары, тоқымадан жасалған бұйымдар т.б. қойылды. Ұлттық оюмен өрнектелген қазақы киімдер мен көрпе, төсеніштер де көрменің көркін ашты.

34958169-5CEC-4C2F-9FC3-88E244C96451

«Қолөнер - өлмес өнер. Бұл, өзге ұлттардан ерекшелігімізді, құндылығымызды айшықтайтын бекзат өнеріміз» деген аудан басшысы да шеберлердің еңбегін бағалап, алғыс хаттар ұсынды.

F221FB36-4971-42DD-8ECF-0DF9E6C92729

Жәрмеңкеде сонымен бірге ұлттық қолөнермен қатар, әуезді әндер де шырқалды.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале