Германияда Бундестагқа сайлау өтіп жатыр. Сайлауға қатысушы билеуші Христиан-демократиялық одаққа 19 жылда бірінші рет Ангела Меркель жетекшілік етпейді. Германия канцлері Ангела Меркель үш жыл бұрын сайлаудан кейін демалатынан мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.Сайлау алдында жүргізілген сауалнама бойынша, Германияда ұзақ уақыт бойы кезек-кезек бір-бірін алмастырып отырып, елді билеген екі партия – Христиан-демократиялық одағы мен Социал-демократиялық партияның дәуірі аяқталуы мүмкін.
Сонымен қатар «Германия үшін балама» мен неміс жасылдары жақсы көрсеткіш көрсетуде.
Одан бөлек, Христиан-демократиялық одақтан көбісі бас тартуда. Бұрын сайлаушылар бұл партияға Меркель үшін дауыс берген. Нәтижесінде Социал-демократтар, Христиан-демократтар және жасылдардың рейтингілері бір-біріне өте жақын. Соған байланысты сайлаудан кейін Германияны тағы да коалиция басқаруы мүмкін деп болжанады.
inform.kz