Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 26 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар 423, 81 теңге болды. Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,06 теңге, сатып алу – 425,65 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,05 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 22 теңге.
inform.kz