27.09.2021, 15:51
Оқылды: 44

Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық күшейту туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

DF269A64-D1A3-4492-95D1-E21F86CFF02F

«12 зертхана жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде азық-түлік, балалар ойыншықтарын, су мен өзге де өнімді зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни токсинді элементтерді, тұздарды, металлдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық заттарға қатысты зертханалық әрі техникалық сынақтан өткізу бойынша орталық құрылады.

Осы орайда халықаралық стандарттар тұрғысында дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды қауіпсіздік пен сапа бойынша сынақтан өткізуге мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысының орынбасары онлайн баспасөз мәслихатында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале