2021 жылғы 1 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысында Бас Прокурор мен Ішкі істер Министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес кісі өлтіру істері бойынша прокурордың шешім қабылдау тетігін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
Бөрлі ауданының прокуратурасы да пилоттық жобаға белсенді түрде қатысуда.
Бұрын сотталған И. есімді азаматтың Бөрлі ауданының тұрғыны К. есімді азаматты өлтіру фактсі бойынша биылғы жылдың шілде айында басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары А.В.Цуранковтың қаулысымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобының басшысы болып Бөрлі ауданының прокуроры Н.С.Мақатов тағайындалды. Іс өз өндірісіне қабылданып, шұғыл тергеу әрекеттері басталды.
Іс бойынша қысқа мерзімде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Оның ішінде жауап алу, беттестіру, тиісті сараптамалар тағайындау, соның ішінде Атырау қаласында жұмыстар жүргізу, т.б. бар.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 2021 жылдың 11 шілдесінде И. есімді азамат алкогольдік масаң күйде болып, жанжал негізінде Бурла өзенінің бойында жәбірленушінің жүрек тұсына пышақ салғаны, жарақат салдарынан ол медициналық мекемеге жеткізілгенге дейінгі аралықта қайтыс болғаны анықталды.
Бұлтартпас жиналған дәлелдемелерге байланысты биылғы жылдың 9 қыркүйегінде прокурормен күдіктінің әрекеттері ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша түпкілікті сараланды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу заңмен белгіленген 2 ай мерзімде аяқталды және прокурор айыптау актісін жасағаннан кейін оны сотқа жіберу үшін облыс прокуратурасына жіберді.
2021 жылдың 20 қыркүйегінде күдікті И. ісі қылмыстық істер бойынша Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотына берілді.
Бөрлі ауданы прокуратурасы