Таяуда “Жусан” операциясымен елге оралған әйелдердің басын қосқан “Soft skills” атты семинар-тренинг өтті.
“Ақниет” орталығында оздырылған аталмыш іс-шара мақсаты семинарға қатысушы нәзік жандыларға рухани құндылықтарды дәріптеп, ізгі қасиеттерді үлгі етпекке негізделді.
Басқосудың арнайы қонағы облыстық мәслихат депутаты Шаттық Саматқызы қатысушыларға рухани дем беретін танымдық ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында сергіту сәті де назардан тыс қалмады. Жиналғандарға кофе-брейк ұсынылып, еркін әңгіме өрбіді.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz