27.09.2021, 20:24
Оқылды: 68

Оралда «Көңілмен көреміз, жүрекпен сөйлейміз!» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ​Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК қарасты «Ақниет» мәдени клубы, «Саңыраулар қазақ қоғамы» БҚО мекемесі және «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының  ұйымдастыруымен есту мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Көңілмен көреміз, жүрекпен сөйлейміз!» атты мерекелік шара өтті.

5

Шараның мақсаты – Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, бос уақыттарын тиімді өткізу.

Аталмыш шарада Орал қаласы әкімінің орынбасары Е.Галиев сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі жандардың біздің қоғамда өзіндік орны бар екенін атап өтті.

6

Шараға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Д.Искакова қатысып, қатысушыларды  мерекемен құттықтады.

8

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры А.Молдағалиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Дәуешов және "Мәдени-ағарту бірлестігі" МКҚК директорының орынбасары Б.Қанатов жұмыс барысы бойынша тілек-кеңестерімен бөлісті.

7

Әйелдерге бет әрлеуден халықаралық деңгейдегі визажист Асем Ильжанова шеберлік сағатын өткізсе, ер адамдар арасында дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорттық ойындардан достық кездесу өтті. Іс-шара соңы мерекелік дастарқанға ұласты.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале