Ақжайық ауданында жергілікті спорт тарландарын еске алу мақсатында ұлттық ойын түрлерінен өткізілген ашық турнирде бөкейлік команда жүлде алды.
Аудандық демалыс орталығының нұсқаушысы Ерболат Ахметов, М.Мәметова атындағы мектеп мұғалімдері Мұзафар Таңатов пен Нұрболат Бисекенов бастаған команда асық атудан ІІ орын алды.
Қырық жастан жоғарғылар арасында өткен бұл спорт түрінен алты команда бақ сынаған еді.
Ашық турнирде асық атудан басқа қазақ күресі, тай жарысы мен арқан тартыстан да мықтылар анықталды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz