28.09.2021, 12:06
Оқылды: 14

Шалғайдағы ауданның шаруасы мығым

Бүгінде Жәнібек ауданы бойынша 46 мыңнан астам ірі қара мал, 60 мыңдай қой-ешкі, 17 мыңға жуық жылқы, 100 бастан астам түйе өсірілуде.

 C62F249C-A06B-4E32-9945-7FD31B139FBE

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев баяндады.

- Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетіліп жатырған қолдаудың нәтижесінде ірі қара малдарының жеке тұрғындар шаруашылықтарынан ауыл шаруашылығы құрылымдарына қарай шоғырлануы байқалып, мал басының саны артуда. Биылғы жылдың 1-ші тамыз айына ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі аудан бойынша 8 142,2 млн. тенгені құрады.

03

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2001 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 8 есе көп, мал шаруашылығы – 8,6 есе көп пайызды құрады. Жәнібек ауданда жылдан жылға ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны артып, сәйкесінше нақты өндіріс көлемі де едәуір өсіп отыр. Күні бүгінге барлық ауыл шаруашылық құрылымдар саны 395 құраса, 2001 жылы барлығы 164 ауыл шаруашылығы құрылымдары, соның ішінде ШҚ-тар – 158, ЖШС – 6 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жасаған. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2001 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көбейген, - деді А.Сафималиев.

FEBC6A6A-EC71-4558-82B2-5B544A7A1F92

Аудан әкімі келтірген мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдары бұл өңірде кәсіпкерлік саласыда айтарлықтай өрістеген.

Атап айтар болсақ, 2000 жылдары ауданның 348 кәсіпкерлік нысандарында 853 адам жұмыс жасаса, 2011 жылы 708 кәсіпкерлік нысанында 1188 адам жұмыстанған. Ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 861 нысан, 1246 жұмысшыға жеткен.

40EF1D81-BB5A-4252-A945-D0719A924BF2

2012-2021 жылдар аралығында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Ауылдық шағын несие», «Егінжай», «Мурабаха», «Кәсіпкер», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламалары аясында 560 аудан тұрғыны 1 млрд. 970 млн теңге көлемінде несие алыпты.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале