28.09.2021, 12:17
Оқылды: 35

Аудан тұрғындарына жайлы жағдайлар жасалуда

Биылғы жылы Жәнібек ауылында қос қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 24 отбасы тұрғын үймен қамтылмақ. Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында дәл сондай тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақталып, бүгінде сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 B240A1A8-E688-4C93-937C-0B5E24E1FDCF

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев осындай деректерге тоқталды.

01

- Жалпы 2014 жылдан бастап 154 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Ал бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органның тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың саны – 351 адам құрап отыр. Осындай бағытта Ақоба, Ұзынкөл ауылдарына да 2 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аудан халқын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Талов ауылдық округіне қарасты, Майтүбек ауылында ауыз су құбыры құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны – 172 млн. теңгені құрайды. Жалпы 3,6 шақырым ауыз су құбыры тартылады.

BC4B5CD5-4EF5-4F47-807E-465008B49BE2

Сонымен қатар, Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты, Еңбекші ауылына ауыз су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттама дайындалды. Биыл сондай-ақ Жасқайрат, Тау, Борсы ауылдарындағы ауыз су құбырын қайта жаңғыртуға және Өнеге, Жұмаев ауылдарының ауыз су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Ағымдағы жылы жобалық сметалық құжаттама сараптамадан өткізіліп, келесі жылы жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылысына қаражат сұратылады. Атқарылып жатырған жұмыстар нәтижесінде қазіргі таңда ауыз сумен қамтылу деңгейі Жәнібек ауданы бойынша 92,8% құрайды, - деді А.Сафималиев.

Брифингке қатысқан Жәнібек ауданының әкімі елді мекендерді көгілдір отынмен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале