28.09.2021, 12:24
Оқылды: 17

Жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

Жәнібек ауданында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2019 жылы «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен 0-2 шақырым бөлігін күрделі жөңдеу» және өткен жылы «БҚО, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылына кіреберіс 0-2 шақырымына орта жөңдеу» жұмыстары атқарылған. 

 02

Сонымен қатар былтырғы жылы «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 2-27  км бөлігін орта жөңдеу» жұмыстары басталып, 13 шақырым бөлігі жөңделіп, биылғы жылы қалған 12 шақырымына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев қатысып, аудандағы атқарылып жатқан істер турасында баяндады.

3803437D-BE49-495A-B31B-E7E3FEA4355B

- «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 27-48  км бөлігі орта жөңдеу» жобасы бойынша құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді. Аталған автомобиль жолының 15 шақырымы 2022 жылғы жоспарға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мақұлданып отыр. Биылғы жылы Жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту үшін Жасқайрат ауылына кіреберіс жолын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда, - деп атап өтті аудан әкімі.

E6142FD2-EDA3-425A-901B-2745765B7661

Брифингте келтірілген мәліметтерге тоқталсақ, биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрайтын Жәнібек ауылындағы төрт көшеге күрделі жөндеу және тоғыз көшеге автомобиль жолының құрылысы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 48-63 км және 63-78 км бөліктеріне орта жөңдеу» жұмыстарына, Қамысты ауылына кіреберіс 0-14 км, Ақоба ауылына кіреберіс 23 км, Құрсай, Көлтабан, Еңбекші елді мекендеріне кіреберіс автомобиль жолдарын күрделі жөңдеу жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалар жасақталуда.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале