29.09.2021, 10:25
Оқылды: 73

Гүлнұр Мамасарипова Роза Бағлановаға арнап шетелде фильм таспалауда

Отандық танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова сәтті шыққан "Келінжан" телехикаясынан кейін тың туындының түсірілімін бастап кетті. Бұл жолы ол қазақ эстрадасының дүлділі Роза Бағланова туралы кино түсірмек. Продюсер аталмыш фильмді таспалау үшін шетелге аттанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

1623132649_553bfe0d-340b-4a78-8866-221b5eebfec7

Гүлнұр Мамасарипова Роза Бағланова туралы туындыны шетелде түсіріп жатқаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ол оқырмандарымен өзге мемлекетте кино түсіру қаншалықты қиын екенін де түсіндірді. Алайда, еш кедергілерге қарамастан продюсер алдыға қойға мақсатынан тайынбай, түсірілім тобын Беларусь еліне алып келген.

"Минск. Біз осы сапарға маусым айында шығуымыз керек еді. Түрлі себеп-салдарға байланысты енді жол түсті. Арасында сценарийді өзгертіп бәрін елде түсіреміз ба деген ой да келген. Бірақ, бірақ өзімді-өзім жеңе алмадым. Ташкентке де, Минскіге де барамыз деп тұрып алдым. Роза Бағланова апамыздың әруағы риза болсын дедім. Әрине, көп қиналдық, кәдімгідей. Ниет түзу болса Алла сәтін салады екен түбінде. Жат елде кино түсіру оңай емес, қаншама форс-мажордың құрбаны боласың".

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале