Өлке өнерінде өзіндік өрнегі бар, Шыңғырлау ауданы мәдениетінің мәйегіне айналған қос ұжым Халықтық «Торыатбас әуендері» фольклорлық ансамблі мен «Елім-ай» әжелер ансамблінің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты есептік концерті өтті.
1990 жылы «Елім-ай» әжелер тобы мен 2008 жылы құрылған «Торыатбас әуендері» фольклорлық ансамбльдің құрылу тарихы, жыл бойы құрамында өнер көрсеткен өнерпаздар туралы айтылып, ұжымның қалыптасуы жөнінде бейнебаян көрсетілді.
Есептік концертте қос ансамбльдің репетуарындағы әсем әндер шырқалып, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті.
Концерт соңында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова әдемі көңіл күй сыйлаған өнер ұжымдарына өз тілегін білдіріп, алғысхат табыс етті.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz