29.09.2021, 14:29
Оқылды: 19

Мамандандырылған ХҚО-ларда техникалық ақау

29 қыркүйекте ҚР мамандандырылған ХҚО жұмысында техникалық ақау шықты, соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру – жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз. Қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды. Көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді.

28979CA9-4B28-40A4-89D2-4D280C7FEEEE

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале