30.09.2021, 10:58
Оқылды: 44

Қаратөбеде қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.
WhatsApp Image 2021-09-30 at 10.45.25

Қоғамдық қабылдауға келген қаратөбелік тұрғын Болат Гусманов тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал жасауды сұрады.

Жұмыс сұрап келген ауыл тұрғынына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында түсініктер беріп, толыққанды жауап қайтарды.

Көтерілген мәселеге орай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалеева аудан орталығында салынып жатқан ауылішілік жолдар құрылысына жұмысқа орналасуға кеңес беріп, тұрғынның өтініші бақылауда болатынын жеткізді.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале