Оразбаев көшесіндегі өрт туралы 27 қыркүйек күні сағат 18:40-та хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Орал қ.ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қазбек Қабесов пен Орал қ. ПБ ЖПҚБ УПИ көмекшісі, полиция аға лейтенанты Ислам Молдабеков келді.
Көшеде өрт болған үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне үйде бала бар екенін айтқан. Бірақ өрт шыққан пәтердің темір есік ішінен жабылып, ашылмаған. Полиция ТЖД қызметкерлерімен бірге есікті бұзғанын күтпей, 3-ші қабаттағы балконға түсіп, баланы шығарып алды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері өмірлерін қатерге тігіп, өрт лаулап жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарып қалды.
ПД баспасөз қызметі