30.09.2021, 15:23
Оқылды: 17

Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 200-ге жуық адамнан коронавирус табылды

Батыс Қазақстан облысында 26-29 қыркүйекте 196 адамнан коронавирус табылды.

D7EBECB8-D655-4CCE-BFF8-658FA1B2411F

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 131-інде ауру белгілері болса, 65-і – симптомы жоқтар. Ауырғандардың 110-ы ЖРВИ белгілері бойынша қаралған кезде анықталған. 47-сі бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болса, 39-ы профилактикалық мақсатта тексерілген. Департамент мәліметіне қарағанда, коронавирус Орал қаласынан көбірек табылып отыр.

Мұнда соңғы төрт күнде 89 науқас белгілі болса, Бәйтеректе 36, Бөрліде 16, Теректіде 14, Ақжайық пен Шыңғырлау аудандарында 11 адамнан тіркелген. Пандемия басталғаннан бері облыста 37 415 адамнан індет табылып, соның 29 851-і жазылып шықты. 761-і көз жұмды. Барлық ауырғандардың 18 793-і Орал қаласы, 4964-і Бәйтерек, 4555-і Бөрлі, 1705-і Теректі, 1373-і Ақжайық, 1122-сі Шыңғырлау, 1093-і Казталов, 1029-ы Тасқала ауданының үлесіне тиеді.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале