30.09.2021, 17:50
Оқылды: 46

Көшелер самаладай жарқырауда 

Шыңғырлау ауданы көлемінде халықтың игілігі үшін барлық жағдай жасалуда. Осыдан бірер жыл бұрын Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдарға, аудан орталығындағы көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Енді, міне, жуырда осы жолдардың бойына электр жарықтары орнатылды.

WhatsApp Image 2021-09-30 at 17.49.37

Шыңғырлау-Ақшат бағытындағы кіреберіс жолды жарықтандыру үшін жергілікті бюджеттен 9 млн. 714 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. 800 метрге жуық арақашықтыққа 150 кВт-тық 28 диодтық жарық шамдарды орнату жұмыстарын мердігер «Қалдығайты» ЖШС-гі жүзеге асырыпты.

-Қазіргі таңда аудан орталығында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Датов, Тайманов, Гагарин, Амангелді, Лугавоя, Жуков, Тың игеру, Тоқай, Бейбітшілік, Ержанов, Тасмағамбетов, Доспанов көшелеріне 194 нүктеге жарық шамдар орнатылды. Қуаты 50 вВт-тық диодты шамдарды «Серік» жеке кәсіпкерлігі орнатуда. Жалпы жылдың соңына дейін Ащысай ауылының кіре берісіне, Шыңғырлау ауылының айналма жолына, Ақшат ауылының Мұхамбетов көшесіне 50 бетонды бағаналар қою жоспарымызда бар, - дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Шаймбетов.

Иә, самаладай жарқыраған көшелердің саны артқан сайын ауданымыздың түнгі келбеті әдемілене түседі. Тек осындай халық игілігі үшін жасалған мүліктерді бүлдірмей, қолымыздан келгенше күтіп ұстауға тырысайық.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале