30.09.2021, 18:00
Оқылды: 51

Мерекелік дастархан жайылды

Бүгін Халықаралық қарттар күні қарсаңында аудан орталығында Казталов ауданы əкімдігі жəне аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен əр жылдары ауданда еңбек еткен ардагерлерге арнап, мерекелік дастархан жайылды.

IMG-20210930-WA0014

"Анашым" мейрамзанасында бас қосқан ел ағалары мен аналарына Шакуовтар əулеті, кəсіпкерлер Нұрлан Нұғманов, Əлібек Сартаев, Нұрболат Əдиетов, Абуғали Ғұмаровтар "Жақсылық жаса - Твори добро" акциясына аясында демеушілік жасағанын айта кеткеніміз жөн.

IMG-20210930-WA0012
Ақ дастархан басында саналы ғұмырын елі, халқы мен келешек ұрпағы үшін арнаған, өңіріміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен алдыңғы буын аға-апаларды төл мерекелерімен құттықтаған аудан əкімі Альберт Есалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті.
Келелі жиын ардагерлердің естелік əңгімелерімен мəнді болып, ауыл өнерпаздарының əуезді əндерімен əрленді. Осындай тамаша отырыс ұймдастырып, дастархан жайған елдің атқамінер азаматтарына ардагерлер ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале