4.10.2021, 15:48
Оқылды: 38

Оралда әскерилер қарияларды құттықтады

Қарттар күнінде Орал шаһарындағы 5517 әскери бөлімнің әскери қызметшілері, бөлімнің әйелдер кеңесімен бірге 13 Отан соғысының ардагерлері мен әскери зейнеткерлердің шаңырақтарына арнайы барып, құттықтады.

51B4B177-BC3C-45E3-B026-1AFE380F2219

-Бүгінгі жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары бізге үлгі. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарияларымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін, — деді 5517 әскери бөлім командирінің әлеуметтік-құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов.

5A936879-DA68-4818-8B70-B98EC233DCD0

Кездесу барысында ардагерлер өз еңбек жолы туралы әңгімелеп, Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғыс білдірді.

-Бізді ұландықтар ұмытпайды, әрдайым мерекелерде келіп, құттықтап  турады, мүмкіндігінше көмектеседі. Сый-құрметтері үшін алғысым шексіз,-деді соғыс ардагері Вениамин Пантелеевич Скаленко.

Айта кетейік, мұндай қайырымдылық іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде ұйымдастырылды.

Подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале