Жуырда Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округіндегі Х.Халиуллин атындағы шекара заставасының сарбаздары ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 6 Өзбекстан азаматын ұстады.
Оларды Ресей шекарасы арқылы Қырғызстан Республикасына өткізіп жібермек болған Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекенінің тұрғыны И.И есімді азамат екені анықталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған аталған елдің алты азаматы мен осы жағдайды ұйымдастыруға дәнекер болған көлік жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті тұрғындар тарапынан шекара заңын бұзғандар әшкереленіп, әлеуметтік желілерде, газет беттерінде айтылып, жазылып жүрсе де заңбұзушылықтар әлі де қайталануда.
Әсемгүл Әбділда,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz