Отанымыздың ұлы мәртебелі Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сегізінші қазан күні Орал қаласында жаңа мәдениет ошағы – «Атамекен» өнер ордасы ашылмақ. Осы айтулы оқиғаның ертеңіне «Асқақ Атамекен» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.
Үшбу өнер кешіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Нұрлан Бекмұхамбетов, Жанна Орынбасарова, Өзбекстанның халық әртісі Мансұр Ташматов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Низамутдинова және Жұлдызбек Өтешқалиев қатыспақ. Бұл өнер жұлдыздары еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Ахметов пен Артур Оренбургский жетекшілік жасайтын Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ән шырқайды.
Қалған мәліметтерге осы ақпараттың жанында берілген аталмыш концерттің афишасынан қанығасыз.