7.10.2021, 14:36
Оқылды: 39

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд. 880 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3577A4A0-EB45-42FC-B80D-9BA3B6443F57

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд. 718 млн. теңге төленді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале