12.10.2021, 16:27
Оқылды: 41

Бұдан былай автобусқа да электронды билет жарамды

Қазақстанда жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне жаңа өзгеріс енді, - деп жазады 24.kz.

Бұдан былай елімізде автобуспен қатынау үшін электронды билет алуы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі хабарлады.

D55FE03E-A729-426B-8B10-8716F2AC4543

Биыл 4 қазанда шыққан бұйрықта көрсетілгендей, жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті.

Куәліктің түпнұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды.

Халықаралық және қалааралық бағыттағы автобустың жолақысы мен жүк ақысы бұрынғыдай қабылданады. Автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар арқылы алуға болады.

Aikyn.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале